• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қараша, 01:10:04
Алматы
+12°

Мемлекеттік ішкі аудит департаменті Қызылорда облысында тұрақтандыру қорының 852,6 миллион теңгесі бюджетке  қайтарылмағанын  анықтады. 

Аудиторлар "Байқоңыр" ӘКК әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру үшін бөлінген ақшаны қалай жұмсағанын тексерді. Шарттық құжаттарды ресімдеу кезінде ӘКК өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану ережесін бұзғанын анықталды. 

Тексеріс нәтижесінде Алтын қамба агроөнеркәсіптік комбинаты ЖШС–нен 92,5 млн теңге өндірілген. Қазіргі таңда департамент 760 млн теңгені қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Департаменттің нұсқамасы дұрыс орындалмағандықтан акционерлік қоғам басшысына Қазақстан Республикасы ӘҚБтК–нің 462 бабы, 3 тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, аудиторлық іс-шара материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: бюджет заңбұзушылық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір