• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 14:51:07
Алматы
+12°

Франция апелляциялық сотының қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовқа қатысты сот талқылауын тоқтату туралы шешімін елдің Кассациялық соты жарамсыз деп таныды. Әблязовқа ақша жымқырды деген айып қайта тағылды, деп хабарлады mediapart ақпараттық порталы.

Кассациялық сот Париж апелляциялық сотының тергеу палатасы 2022 жылдың 13 қаңтарында қабылдаған шешімнің барлық тармақтары жойылғанын және істі қайта қарауды талап ететіндігін атап өтті.

Еске сала кетейік, Қазақстанда Мұхтар Әблязов БТА банкінен 7,5 млрд доллар қаржы ұрлап, қылмыстық қоғамдастық құрғаны үшін кінәлі деп танылған болатын.

Сонымен қатар, ол елімізде экстремистік ұйым деп танылған  "Қазақстанның демократиялық таңдауы" тіркелмеген қозғалысының көшбасшысы.

Бұған дейін бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мұхтар Әблязовты неге экстрадициялай алмайтынын айтқан болатын. Оның айтуынша, экстрадициялау үшін Франциямен тиісті шарт болмаған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір