• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 09:37:13
Алматы
+7°

Freedom House бұрындары коммунистік идеологиямен өмір сүрген Орталық Еуропа, Балқан түбегі мен Еуразияның 29 еліндегі жағдайға баға берді.

Мемлекеттердегі демократия деңгейі ұлттық демократиялық басқару, сайлау процесі, азаматтық қоғам, тәуелсіз БАҚ, жергілікті демократиялық басқару және сыбайлас жемқорлық  бойынша бағаланады. Бұл жолы бірқатар елдер "күшейтілген авторитарлық режимнің" төменгі санатында қалды. Олардың арасында Беларусь, Әзірбайжан, Ресей және Орталық Азия елдері бар.

"Беларуссияда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда азаматтық қоғамға қыспақ жасалатыны байқалды: кейде билік наразылық білдіргендерге зорлық–зомбылық көрсетсе, кейде ұсталғандарды азаптаған. Түркіменстан мен Әзірбайжан азаматтарының билеуші элита непотизмінен зардап шегуі мен Ресейдегі соғысқа қарсылық білдіргендерге қарсы репрессия демократияның құлдырауына әкелді", – делінген басылымда.

Қазақстанда демократия индексі өткен жылдан бері төмендеп, бірде–бір көрсеткіш бойынша алға ілгерілемеген.

Сарапшылардың айтуынша, қаңтар оқиғасынан кейін жағдай бұрынғыдан да қатты нашарлаған. Қазақстан билігі өз уәделерін орындамады, ал Жаңаөзен тұрғындарының наразылығы бірден саяси талаптарға айналды. Осы жағдайларды есептегенде, барлық санаттар бойынша елдегі демократия индексі ең төменгі деңгейге жақын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір