25 Мамыр, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстанда ипотекалық несие алушылардың саны алғаш рет 500 мыңнан асты, деп хабарлайды krisha.kz.
Мұндай мәліметтерді Бірінші несие бюросы келтірді. Жарты миллионыншы болып ипотека алған адам 1 мамырда тіркелді.
"Бүгінгі таңда ипотекалық несиелеудің жалпы портфелі 5,9 трлн теңгені құрайды. Бұл ретте 290 000 қарыз алушы үшін өтеу мерзімі кем дегенде 10 жыл болып отыр. Әрбір оныншы ипотека алушы кемінде тағы 20 млн теңге төлеуі керек", - дейді сарапшылар.
Ипотекалық несие бойынша қарыздың орташа сомасы 10,2 млн теңгені құрайды.
Астанада тұрғын үй сатып алуға 98,1 мың, Алматыда 83,5 мың несие рәсімделді. Бұл қалалар берілген несиелер саны бойынша көш бастап тұр, яғни ипотеканың жалпы санының 36 пайызын құрайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір