• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 15:15:07
Алматы
+35°

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 380 мың теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш бір жылда 1,5 есеге жуық төмендеген.

"Қордағы орташа жалақы өткен жылмен салыстырғанда төмендеді. Өткен жылы – 565 мың болса, қазір 380 мың теңге болды",– деді басқарма мүшесі София Айсағалиева .

Биыл қордағы қызметкерлер саны 47 ге жеткен.

"Бұған дейін қорда 25 адам болса, қазір 47 адам бар. Негізі өткен жыл біз үшін қалыптасу жылы болды. Ендігі міндетіміз – әкімшілік шығындарды ұлғайтпау", – деді София Айсағалиева.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы статистика бойынша Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері 285 433 теңгені құрайды.  

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір