• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:42:29
Алматы
+35°

Астана соты Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстан билігінің өзі туралы таратқан ақпаратын шындыққа сәйкес келмейді деп танып, кешірім сұрауды талап еткен қырғыз музыканты Викрам Рузахуновтың шағымын қанағаттандырмады. Бұл туралы Викрам Рузахунов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Аталған іске қатысты алғашқы сот отырысы 19 мамырда өткен. Музыкант соттан 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда ол бойынша таратылған ақпаратты шындыққа сәйкес келмейді деп танып, ресми түрде кешірім сұрауды талап еткен.

Еске алсақ, 9 қаңтарда "Қазақстан" және "Хабар 24" арналары "Қазақстандағы митингке қатысқаны үшін Қырғызстан азаматы ақша алған" деген сюжет көрсеткен. Видеода беті-аузы көгерген азамат 1 қаңтарда бейтаныс адамдар телефон арқылы хабарласып, митингіге қатысу үшін 90 мың теңге ұсынғанын, билет әпергенін, Қазақстанда пәтерге орналастырғанын айтады. 

Көп ұзамай қырғызстандық басылымдар видеодағы адам Қырғызстанда белгілі джаз музыканты Викрам Рузахунов екенін, Қазақстанға концертке келгенін жарыса жазды. 

Ұзамай Рузахунов босатылып, 10 ақпан күні әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанның тергеу изоляторында азапталғанын мойындап, мәлімдеме жасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір