Фото: Ашық дереккөз
Депутаттар мен қоғам белсенділері мүлік иелері бірлестіктерінің түйткілді мәселелерін талқылайды.
Қоғамдық палата мүшелері «Самал-1» шағынауданының тұрғындарымен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен кездеседі.
Одан соң Қоғамдық палата төрағасы Айдос Сарым, Алматы қаласы Мәжілісі мен мәслихаты депутаттары, қаладағы қоғамдық бірлестіктер басшылары, ПИК өкілдері және басқа да сарапшылардың қатысуымен жиын өтеді.
Қоғамдық палата отырысы Мәжілістің Youtube арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір