• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:40:44
+35°
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 129 шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
 
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 583 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 993 рұқсат (екінші санат).
 
Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 080 және 891 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 717 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 865 адам тартылды.
 
"Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 746 жұмыс беруші бар. Оларда 411,5 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-і", - делінген хабарламада.
 
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан шетелдік

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір