• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:33:51
Алматы
+35°

Астанада «Жаһандық және жергілікті басқарудағы шекараларды кеңейту» тақырыбында конференция өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталған конференцияда 8 млн қазақстандықтың банкке қарызы бар екені айтылды. 

"Кейбір саясаткерлер халық қаржылық сауатсыздықтан қарызға батады дейді. Халық табысы төмен болғаннан несие алуға мәжбүр. Жалақысының басым бөлігін тамаққа жұмсайды. Жаңылмасам, қазір тұрғындардың қарызы 14 триллион теңгеге жетті. Билік ғылыммен тығыз байланыс орнатуы тиіс. Мемлекет басшысы екі жыл бұрын әл-ауқатына қарай салық салу туралы айтты. Алайда, өзгеріс жоқ. Жаңа экономикалық саясат құрсақ қана алға басамыз. Әлеуметтік теңсіздік, кедейлік, төмен жалақы, монополия, саяси күштердің, олигархтардың ықпалы сияқты «ауруларымызды» мойындауымыз керек", - дейді экономист Қуат Акижанов.

Сондай-ақ шетелдік конференция барысында өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.  Бұдан бөлек мемлекеттік басқару тиімділігі, миграция, интеграция, туризм және халық пен билік арасындағы диалог тақырыптары кеңінен қаралды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: несие Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір