• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:56:49
Алматы
+35°

Журналист Қанат Тілеухан марқұм Болат Атабаев туралы деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы журналистің өзі фейсбук парақшасында жазды. 

"Батыста Краудфа́ндинг деген ұғым бар екен. Қысқасы, қазақша айтқанда асар ғой. Бір жобаға тоқайласып қаржылық жәрдем көрсету. Тұтас бір арнаға ақша сұрау әбестік болар.
Мен деректі фильмнен бастамақ ойға бекідім. Күрескер режиссер Болат Атабаев жайлы деректі фильм түсіруге ықыластымын. Аты – «Мың жылдық ойын». Театр өнері мыңжылдық ойын. Диктаторлардың халықпен ойыны мың жылдық ойын емей немене?! Жаңа жобаның көнцепциясын толық жазу шарт емес деп ойлаймын. Бірақ жақсы дүние жасап шығуға барымызды саламыз", деп жазды Қанат Тілеухан. 
 
Журналист аталған деректі фильмді түсіру үшін шамамен 3 млн теңге жұмсалатынын айтты. 
 
"Сценарий, жол шығыны, редакторлық жұмыс, т.б. ұсақ жұмыс – 0 теңге. Егер бірігіп «Мың жылдық ойынды» түсіреміз десеңіздер каспи мына нөмірде:  8775 648 09 87.
Қалталы һәм кәсіпкер жігіттерге хабарластым. Өкінішке қарай бізде деректі киноны қолдау жағы жоқ. Көбіне ас, көкпар, бәйге т.б шараларға бүйрегіміз бұрылып тұрады екен", дейді ол. 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Болат Атабаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір