• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қараша, 02:08:02
Алматы
+12°

Алматыдағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш орналасқан саябаққа белсенділер жиналды. Белсенділер арасында  Инга Иманбай мен "Демпартия" мүшелері де бар.  Наразылыққа шыққандар "Қытай экспансиясына жол жоқ" деген плакаттар ұстап алған. 

пк

“Бүгін өткенді еске алу күні ғана емес, қазіргі саяси қудалау мен сол қудалаудың құрбаны болғандарға бостандық талап ететін күн”, - деді Инга Иманбай.

Қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Интернет жай істеп тұр. Сондай-ақ Республика алаңы маңында полиция қызметкерлерінің саны көп. 

куй

Бұған дейін "31 мамыр" қоғамдық комитетінің белсенділері сәрсенбі күні қалада шеру жасап, жұртты Желтоқсан алаңындағы аза тұту митингін өткізетінін айтқан болатын. Ал прокуратура аталған митингінің заңсыз екенін, бейбіт жиын туралы заңнаманы бұзғандар 25 күнге қамалатынын ескертті.

Сонымен қатар, бүгін митинг өткізбек болған белсенділерді полиция үйлерінен шығармай отыр, деп мәлімдеді құқық қорғаушы Андрей Гришин әлеуметтік желілерде. "31 мамыр" қоғамдық комитеті полиция әрекетіне қатысты үндеу жариялап, белсенділерді шеруге жіберуді талап етті.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір