• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 05:15:34
Алматы
+12°

Елордада өткен жартылай марафонға екі мыңға жуық адам қатысты. Жарысқа қатысу үшін Астанаға Ұлыбритания, Нидерланд, АҚШ, Польша, Ресей, Украина елдерінің және Қазақстанның 30-дан астам қаласының тұрғындары келді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Қатысушылардың жасы 16 мен 75 жас аралығында болды.

Жартылай марафонға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев қатысып, Astana Half 2023 іс-шарасын алғысөзімен ашып, жарысқа қатысты.

Жарысқа қатысушылар 21,1 км және 5 км қашықтықта сынға түсті. Astana half 2023 жартылай марафоны –қыс мезгілінен кейін жаппай жүгіруде өзіңізді сынаудың алғашқы мүмкіндіктерінің бірі. Желаяқтарға 21,1 км және 5 км қашықтықт ұсынылады. Бұл жаңадан бастаушылар үшін тамаша бастама, ал тәжірибелі спортшылар үшін – биыл 3 қыркүйекте өтетін Astana Marathon 2023-те 42,2 км марафондық жарысқа дайындық. Astana half 2023 ережесіне сәйкес, жарысқа 18 жастан асқан барлық адамдар 21.1 шақырымға және 16 жастан 5 шақырымға тіркеле алады.

21,1 км маршрут бойынша изотоника, гельдер, су және жемістер ұсынылды.

Спорттық іс-шараның ұйымдастырушысы Астана әкімдігінің қолдауымен Astana Marathon Events компаниясы болып саналады.

Жүгіру нәтижелері келесідей:

21.1 км
Абсолют. Ерлер

Бірінші орын – Әлімжан Балтабек (01:09:51), Астана, Қазақстан
Екінші орын – Константин Баранов (01:10:33), Алматы, Қазақстан
Үшінші орын – Григорий Пипмайер (01:11:11), Астана, Қазақстан

Абсолют. Әйелдер
Бірінші орын – Гүлжанат Жанатбек (01:11:57), Талдықорған, Қазақстан
Екінші орын – Надежда Бекмағанбетова (01:22:14), Астана, Қазақстан
Үшінші орын – Гүлнұр Елемесова (01:22:42), Астана, Қазақстан

18-39 жас санатында
Ерлер
Бірінші орын – Сұлтан Айғараев (01:12:50), Алматы, Қазақстан
Екінші орын – Асқар Жаңабергенов (01:15:02), Астана, Қазақстан
Үшінші орын – Владимир Экерт (01:15:16), Астана, Қазақстан

Әйелдер
Бірінші орын – Айгүл Аржаникова (01:25:16), Петропавл, Қазақстан
Екінші орын – Лаура Киныбаева (01:26:22), Қостанай, Қазақстан
Үшінші орын – Әлия Тұранова (01:28:15), Астана, Қазақстан

40-44 жас санатында
Ерлер
Бірінші орын – Александр Беспалов (01:19:49), Зеренді, Қазақстан
Екінші орын – Нұркен Халықберген (01:19:58), Алматы, Қазақстан
Үшінші орын – Еділ Үрімбаев (01:22:38), Астана, Қазақстан

Әйелдер
Бірінші орын – Лена Склярова (01:31:23), Астана, Қазақстан
Екінші орын – Әсел Рақышева (01:41:57), Астана, Қазақстан
Үшінші орын – Анастасия Ілиясова (01:48:05), Теміртау, Қазақстан

45-49 жас
Ерлер
Бірінші орын – Александр Мишанов (01:32:28), Астана, Қазақстан
Екінші орын – Евгений Трофименко (01:33:59), Астана, Қазақстан
Үшінші орын – Талғат Темірболатов (01:38:43), Астана, Қазақстан

Әйелдер
Бірінші орын – Инна Вишнякова (01:53:58), Теміртау, Қазақстан
Екінші орын – Анжелика Мейрамова (02:08:24), Астана, Қазақстан
Үшінші орын – Гүлмира Мұқанова (02:18:40), Астана, Қазақстан

50-54 жас
Ерлер
Бірінші орын – Василий Пивнев (01:28:22), Астана, Қазақстан
Екінші орын – Ғабит Шаймерденов (01:44:53), Астана, Қазақстан
Үшінші орын – Ренат Бурханов (01:47:31), Астана, Қазақстан

55-59 жас
Ерлер
Бірінші орын – Қанат Сүгірбаев (01:25:15), Қазақстан
Екінші орын – Бауыржан Мырзагелдин (01:32:16), Көкшетау, Қазақстан
Үшінші орын – Қаппас Шұбаев (01:44:16), Көкшетау, Қазақстан

Әйелдер
Бірінші орын –Маргарет Фриц (02:08:13), Астана, Қазақстан

60-64 жас
Ерлер
Бірінші орын – Ғалиолла Ысқақов (01:45:31), Астана, Қазақстан
Екінші орын – Арыстанбек Көкебаев (01:52:08), Астана, Қазақстан
Үшінші орын – Андре Карстенс (02:00:13), Нидерланды

65-69 жас
Ерлер
Бірінші орын – Қайыржан Молдыбаев (01:56:42), Астана, Қазақстан

75-79 жас
Әйелдер
Бірінші орын – Амельгульсин Мұсылманова (02:56:44), Астана, Қазақстан

5 км
Абсолют. Ерлер
Бірінші орын – Алексей Гусаров (00:15:04), Астана, Қазақстан

Абсолют. Әйелдер
Бірінші орын – Ева Пинчук (00:17:45), Астана, Қазақстан

Astana Half және Astana Marathon – қайырымдылық акцияларының тұрақты қатысушылары. Бірнеше жылдан бері қаражаттың бір бөлігі Қазақстандағы бала мен сәби өлімі және мүгедектігін азайтуға бағытталған AYALA Қайырымдылық Қорының жобаларына бағытталып келеді. Биыл Astana Marathon ұйымдастырушылары AYALA қорының Қазақстанның балалар ауруханаларын өмірлік маңызды жабдықтармен жарақтандыру жөніндегі «Өмірден ләззат алайық» жобасын қолдауда.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Астана

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір