• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 11:05:56
Алматы
+7°

Кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев пен АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Куш Чоксимен экономикалық байланыстарды нығайту және қаланың бизнес-экожүйесін дамыту мәселесін талқылады.

Алматы республиканың ірі қаласы және қаржы орталығы ретінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда мен инвестицияларды ілгерілетуде маңызды рөл атқарады. Қалада 128 бірлескен кәсіпорын мен 399 америкалық компания бар, ал Қазақстанда барлығы 695 компания тіркелген.

Қала басшысы атап өткендей, Алматы инвестициялық тартымды болып қала береді және мұны халықаралық агенттіктердің рейтингтері растайды. Шағын және орта кәсіпорындар қала экономикасының шамамен 60% алады және оның өсуінің негізгі қозғаушы күші болып табылады. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту, инвестициялар тарту және Алматы мен АҚШ арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту туралы уағдаласты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы қаласы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір