• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қазан, 23:22:22
Алматы
+8°

Сейфуллин-Рысқұлов даңғылының қиылысынан Алматы-1 теміржол вокзалына дейінгі орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Жоспар бойынша 5,6 шақырым жол жөнделіп, тротуарлар ішінара қамтылады. Әзірге жөндеу көлік қозғалысын шектеусіз жүргізіліп жатыр. Бұған дейін бұл көшедегі жөндеу жұмыстары 13 жыл бұрын жүргізілген.

Алматының климаттық жағдайын ескерсек, Сейфуллин даңғылының жөндеуаралық қызмет ету мерзімі 5 жыл. Жөндеудің қажеттілігін сараптама растады. Зерттеу нәтижесінде жол бойында шұңқыр, ойылған, жарылған, отырған жерлер анықталды.

Техникалық қорытынды негізінде даңғылға орташа жөндеу жүргізуді жоспарға қосу туралы шешім қабылданды.

Қалалық қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша, көлік қозғалысының шектелуі туралы ақпарат БАҚ арқылы алдын ала жарияланады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір