07 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
6 маусым күні Панфилов ауданында соңғы екі күнде хабар-ошарсыз жоғалып кеткен жасөспірім қыздың мәйіті Әулие ағаш ауылынан 2-3 шақырым жерде Бұрақожыр өзенінің арнасынан табылды.
Полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, бұл өлімінің барлық мән-жайын мұқият тексереді.
Оқушы қызды іздеуге Панфилов аудандық полициясының жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ іздестіру іс-шараларына облыстық департаменттің қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мектеп оқытушылары мен еріктілер (200-ден астам адам) қосылды. Іздеуде жүрген жасөспірім қыз туралы ақпарат жақын маңдағы полиция бөлімшелеріне жіберілді, БАҚ пен әлеуметтік желілерде орналастырылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір