• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:54:49
Алматы
+35°

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Қайрат Сатыбалды түрмеде жатып қымбат қонақ үй сатып алды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Антикор аталған ақпаратты жоққа шығарып, Қайрат Сатыбалдының салықтан жалтару және қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастырумен байланысты тергеу жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады. 

Сондай-ақ Антикордың мәлімдеуінше, Қайрат Сатыбалдының заңсыз шығарылған активтері мен мүліктерін мемлекетке қайтаруға қатысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

"Осыған байланысты Қ.Сатыбалдыұлы залалды өтеу мақсатында бизнес орталықтар, әкімшілік ғимараттар, коммерциялық үй-жайлар, үйлер, пәтерлер, аяқталмаған құрылыс объектілері, жер учаскелері, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс автомашиналар мен ақшалай қаражат мемлекетке беріледі. Олардың қатарында 2021 жылдың қараша айында Сатыбалдыұлымен байланысты кәсіпорын сатып алған "Double Tree by Hilton Almaty" қонақ үйі де бар", делінген Антикор мәлімдемесінде. 

Еске сала кетсек, бұған дейін депутат Мақсат Толықбай  Алматы қаласының орталығындағы Double Tree by Hilton Almaty қонақ үйін сатып алғанын айтқан еді. 

"Қайрат Сатыбалды Алматы орталығындағы Double Tree by Hilton Almatу бесжұлдызды  қонақ үйін 6 миллиард теңгеге сатып алған. Бірақ ол келісімшарт жасалған уақытта түрмеде отырғандақтан, сатып алған күннің өзінде де, бұл әрекет заңсыз болып табылады", – деген Мақсат Толықбай.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір