07 Маусым, 2023 Барлық аймақтар
Фото: Ашық дереккөз
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі журналист Думан Мұхамдкәрімнің қамалуына байланысты журналистер сұрағына жауап берді.
Министрдің айтуынша, Думан Мұхамедкәрімнің үстінен журналистік қызметі үшін емес, саяси көзқарасы үшін іс қозғалған.
"Ол өзінің журналистік қызметі үшін емес, саяси көзқарасы үшін қазір іс қозғалып отыр. Бұл жерде оның журналистік қызметіне кереғар, шектеу қойылып жатқан жоқ. Ол саналы түрде саяси көзқарасы үшін осындай қадамға барып отыр. Әркімнің өз ұстанымы бар. Егер ол журналистік қызметіне байланысты қамалса, араша түсер едік", – деді Дархан Қыдырәлі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір