• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:17:52
Алматы
+35°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-депутат Нұржан Әлтаевтың ұсталуына қатысты мәлімет берді. 

Антикордың жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша Нұржан Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстағанын мәлімдеді. 

“7 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша экс-вице-министр Н.Б. Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады. Н.Б. Әлтаев Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды деп күдіктенеді”, – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 2018-2020 жылдары Әлтаев лауазымын асыра пайдаланған. Ол  А.И.Мырзахметовтың ұйымына мемлекеттік тапсырыстар алуына ықпал жасап, қамқоршылық көрсеткен. Қазір Нұржан Әлтаев Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Еске сала кетейік, 2020 жылы желтоқсанда Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев өзінің El-Tiregi партиясын құратынын мәлімдегеннен кейін NurOtan партиясынан шығарылған болатын.

Өткен сайлауда ол депутаттық мандат үшін күресуге тырысып, кандидатурасын ұсынған болатын. Алайда 2022 жылғы 12 қазанда Қазақстан ОСК Нұржан Әлтаевтың кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу рәсімін тоқтатқанын хабарлады

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір