• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:37:45
+12°

Абай облысының әкімдігі әлеуметтік желіде тараған "Қытай компаниясы Ертіс өзенінде алтын қазып алып жатыр" деген ақпаратты жоққа шығарды. 

"Ертіс өзенінің түбінде алтын кенін өндіру үшін ҚХР азаматтары келгені туралы ақпарат шындыққа мүлде сәйкес келмейді. Тұрғындардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Бесқарағай ауданы Долон ауылындағы Ертіс өзенінде қытайлық компанияның Ертіс өзенінде алтын қазып жатқаны жөнінде ақпарат тарады. Аталған ақпаратта "Химиялық заттарды (цианит) пайдаланып жатыр. Сондықтан Ертіс өзенінде мүлде шомылмаңыздар", деп жазылған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір