09 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы Полиция департаментінің жол-патрульдік қызметі ротасының командирі Алмаз Құлтанов қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол пара беруге жәрдем етті деген күдікке ілінген.
“Лауазымды адам азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін прокуратура жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы қызметкері «Ж» азаматы арқылы сот жүйесінің қызметкерлеріне ірі мөлшерде пара беруге жәрдемдесті деп күдіктенеді.«Ж» азаматы прокуратурада әкімшілік лауазымды атқара отырып, жедел қызметкер болмаған. Қылмыс жасау кезінде жұмыссыз болған”, – делінген ведомство хабарламасында.
8 маусымда тергеу сотының санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Бұдан бұрын Астана соты Құлтановтың 2 айға қамалғанын хабарлаған.
Айта кетейік, Алмаз Құлтанов 2021 жылы аяғы ауыр келіншекті құтқарғаны үшін сол кездегі ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың қолынан марапат алған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір