• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:42:19
Алматы
+35°
Air Astana компаниясына әрбір әуе билетінен жанармай алымын негізсіз жинағаны үшін 6,7 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.
 
Агенттік көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп, Air Astana қызметіне тексеріс жүргізген. Оған халықтың әуе билеттері бағасының үздіксіз, әсіресе жазғы демалыс кезінде өсуіне қатысты шағымы себеп болды.
 
"Тексеріс қорытындысы бойынша Air Astana-ның авиатасымал нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкере болып, әрбір әуе билетінен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды", - делінген хабарламада.
 
2023 жылғы 8 маусымда Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Air Astana-ға 6,7 млрд теңге әкімшілік айыппұл салды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір