09 Маусым, 2023 NEWS
Фото: polisia.kz
Алматыда кәсіпкерді бопсалап, 2 млн теңге өндірмек болған қылмыстық топ ұсталды. Арнайы іс–шара барысында қылмыстық топтын төрт ер адамнан тұратыны анықтылды.
Олардың үшеуі бұрын қарақшылық шабуыл, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және өзге адамдардың мүлкін ұрлау бойынша істі болған, деп хабарлады Polisia.kz.
"Күдіктілер физикалық күш қолданам деп қорқытып, 21 жасар кәсіпкерден 2 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған. Күдіктілер сұраған соманың бірінші бөлігін бірден алып, қалғанын табу үшін 20 күн уақыт берген. Олар қылмыс үстінде ұсталды. ҚР ҚПК–нің 128 бабына сәйкес күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды" – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Сонымен қатар, күдіктілерден заңсыз сақталған атыс қаруы тәркіленген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір