• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:26:10
Алматы
+35°

Абай облысындағы орман өрті 30 мың гектарға жетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Бұған дейін өртенген аймақтың 2 мың гектар болғаны айтылып келген еді. 

"Орман шаруашылығы комитетінің ақпаратына сәйкес өрт аумағы – 30 000 га. 6 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылып жатыр. Өрт ошақтарына әуеден 55 рет су төгілді, жалпы көлемі 154 тоннаны құрайды" деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Өрт сөндіруге 600-дан астам адам, бұған қоса 168 техник жұмылдырылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Абай облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір