15 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Төтенше жағдай министрлігі елде төтенше жағдай кезінде қолданылатын техникалардың жетіспейтінін мойындады.
"Төтенше жағдай министрлігі 80 пайызға ғана техникамен жабдықталған. Қазіргі уақытта 3200 техника бар. Әлі 430 техника керек. 470 техниканың қолданылып жүргеніне 20 жылдан асып кеткен" – деді төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев.
Сенат отырысында елде өртсөндірушілер мен орманшылардың жалақысы төмен екені де айтылды. Қазіргі уақытта өртсөндірушілердің орташа жалақысы 180 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, елде 121 өрт сөндіру бөлімі жетіспейді. Қазір 426 өрт сөндіру бөлімі бар.
Қазақстанда орман өрті жиілеп кеткен. Үш жыл бұрын 700 орман өрті тіркелсе, былтыр 757 орман өрті болған. Биыл жыл басынан бері 146 орман өрті, 700 дала өрті тіркелген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір