Фото: Ашық дереккөз
Атырау облысының әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаладағы аулалардың бірінде тұрған Лениннің ескерткіші туралы пікірін айтты.
"Біздің Кеңес дәуірінде өмір сүрген аға-буындарымыз да, Қазақстанда дүниеге келіп, тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұрпақтарымыз да бар. Әрқайсысымыздың ойымыз әртүрлі. Қазіргі таңда халықтық коммунистік партия сол жерде өзінің шараларын өткізіп жүр. Халықтық коммунистік партия біздің тәуелсіздігімізге еңбек етпей жатқан жоқ" – деді Серік Шәпкенов.
Сонымен қатар, әкім идеология Лениннің ескерткішіне қарамайтынын мәлімдеді.
"Идеология Лениннің тұрған–тұрмағанына қарамайды. Ол адамның ішкі дүниесіне байланысты. Ең бірінші адам адами қасиетін жоғалтпауы керек" – деп қысқа қайырды Атырау облысын әкімі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір