20 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина мен Ресей соғысына қатысты Қазақстанның ұстанымын айтты. Бұл туралы ол Ақордада Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме барысында мәлімдеді.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтату үшін өз үлесін қосуға дайын.
"Мен бұл күрделі мәселеге қатысты ұстанымымызды айқындадым. Біріншіден, біз БҰҰ Жарғысын қатаң сақтауымыз керек. Әрине, Біріккен Ұлттар Ұйымын әлемде теңдесі жоқ әрі әмбебап ұйым ретінде қолдауға тиіспіз.Екіншіден, біз Қытайдың, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің барлық бейбіт бастамасын қолдауымыз қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Ресей мен Қазақстан арасындағы байланысты сақтап қалатынын да атап өтті.
"Жақын арада Украинадағы қарулы қақтығыс тоқтайды деп үміттенеміз. Содан кейін әлемнің осы бөлігінде берік бейбіт өмір орнайтыны туралы сөз қозғай аламыз. Қазақстанға келетін болсақ, біз осы мақсатқа қол жеткізуге өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Сонымен қатар біз – Ресеймен стратегиялық серіктеспіз және бірнеше ұйымның мүшесі екенімізді атап өткен жөн. Сондықтан біздің мақсатымыз – екіжақты және халықаралық ұйымдар аясында өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін Ресеймен тығыз байланысты сақтау", – деді мемлекет басшысы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір