21 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда АЭС салуға қатысты журналистердің сұрағына жауап берді.
Министр елімізде АЭС салуға қатысты нақты шешім қабылданбағанын айтты.
"Әзірге жобаға қатысатындар мен құрылыс векторы бойынша процедуралар жүріп жатыр. Біз әлеуеті жоғары технологияларды қарастырып жатырмыз", деді министр Алмасадам Сәтқалиев.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі референдумға шығарылмайтынын айтқан болатын.
Ал 2022 жылы Тоқаев Қазақстан АЭС салатын жерді таңдады, бірнеше елдің технологиясын зерттеп жатқанын да хабарлаған. Кейін Қазақстанда АЭС салатын елдер консорциумы арасынан қауіпсіздікке жауапты компания таңдалатыны айтылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір