22 Маусым, 2023 Барлық аймақтар
Фото: ortalyk.kz
Түркістан облысында 174 ауыл әкімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 498-бабы (статистиканы қосып жазу және бұрмалау) бойынша 5 млн теңге айыппұл арқалап, әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Бас прокуратура мәліметінше, әкімдер "Қолжетімді жайылым" жобасының аясында ауыл аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштерді жақсарту мақсатында статистикалық есептерге қасақана шаруа қожалықтарындағы мал бастарын қосып жазған.
Нәтижесінде бұрмаланған есептерді аудан әкімдері жайылымдық жерлерді басқару Жобасын түзу және бекіту барысында қолданған.
Қазіргі таңда аталған статистика прокурорлардың ықпалымен ретке келтіріліп, облыс бойынша нақты қажеттілік 3 есеге, яғни 2,1 млн гектардан 652 мың гектарға дейін төмендеген.
Одан бөлек, прокурорлық актілердің негізінде қала, аудан әкімдіктерімен бұдан алдын бекітілген Жобаларды қайта қарау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады Ulysmedia.kz
"Осы тектес кемшіліктерді алдын алу мақсатында стратегиялық жоспарлау және реформалар бойынша Агенттігіне, ауылшаруашылығы министрлігіне және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды интеграциялау бойынша бірқатар ұсыныстар жолданды", – делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір