• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:18:10
Алматы
+12°

Бүгін 25 күнге қамау мерзімі аяқталған журналист Думан Мұхамедкәрім қосымша 48 сағатқа қамауға алынды. Бүгін кешке не ертең 2 айға қамау туралы сот өтеді. 

Бұл жөнінде журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов Азаттық радиосына хабарлаған. Журналист "экстремизмді қаржыландыру" бабы бойынша күдікті деп танылған.

Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, жуырда ғана аштығын тоқтатқан Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы нашарлаған

Бір күн бұрын изоляторда бүйрегінен "приступ" ұстаған. Оған медициналық тексеруден өтуге рұқсат берілмеген. Қазір журналист Іле аудандық полиция басқармасының уақытша қамау изоляторында отыр.

Бүгін ол 25 күн әкімшілік қамаудан кейін шығуы тиіс болатын. Оны күтіп алуға белсендінің әкесі мен жақтастары келген. Алайда "экстремизмді қаржыландыру" және "тыйым салынған ұйымның ісіне араласу" баптары бойынша қылмыстық істе күдікті танылған журналисті тергеушілер оны изолятордан жібермеген. Бүгін кешке не ертең оны 2 айға қамауы мүмкін.

Еске сала кетейік, "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деп айыпталып, 25 күнге қамалған журналист бұған дейін "экстремизмді қаржыландыру" бабы бойынша қылмыстық істе де "қорғалуға құқығы бар куәгер" атанған. Жақтастары билікті қатаң сынап жүрген журналистің ісі саясиланған деп есептейді.

  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір