• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 02:43:23
Алматы
+12°

Алматыда Жандосов пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында 6 заңсыз орнатылған сауда нысаны, Абай даңғылы,50 мекенжайдағы 8 нысан, Мұстафин мен Біржан көшелерінің қиылысында ( Орбита-4 шағын ауданы) 3 нысан  сүрілді.

Қаланың сыртқы келбетіне нұқсан келтіретін, абаттандыруды бұзатын, тротуарлар мен жол учаскелерін қоқыс тастайтын заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда объектілерімен (СЕСО) күресу мақсатында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қажетті шаралар қабылдауда.

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының қызметкерлері  олардың сауда  жүргізуге рұқсат құжаттарының жоқтығын анықтады. Заңсыз орнатылған сауда объектілерінің иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, содан кейін кәсіпкерлер объектілерді өз еркімен бөлшектеді.

Меншік иелері дербес сүруден бас тартқан жағдайда заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда объектілері мәжбүрлі тәртіппен бөлшектелетін болады.

Әдетте, заңсыз орнатылған дүңгіршектер абаттандыру ережелерін сақтамай, қала құрылысы, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларды бұза отырып, тротуарлар мен жол жиектерінде орналасқан.

Еске салсақ,Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл алғаш рет "Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта стационарлық емес сауда объектілерін орнату ережелері" қабылданды, онда стационарлық емес сауда объектілерін орнату тәртібі нақты айқындалған. Ережелермен толығырақ https://adilet.zan.kz/rus/docs/V23R0001707 сілтеме арқылы танысуға болады. Мониторинг қорытындысы бойынша 2022 жылы Алматыда 500-ден астам заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда объектілері анықталды, оның ішінде бүгінде 120 нысан  сүрілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір