• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Желтоқсан, 18:30:53
Алматы

Қоғам қайраткері Дина Таңсәрі Грузияда қаза тапқан қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің өлімі туралы жаңа деректерді жариялады.

Оның айтуынша, Жанбота Төлегеннің өліміне күдікті Габриэль Хохобашвили 2015 жылдан бері қазақстандық журналистпен қарым-қатынаста болған, бірақ олар бірге тұрмаған.

Қоғам қайраткерінің сөзінше, қылмыскер Жанботаны алаяқтық жолмен жылжымайтын мүлікті сатуға және барлық ақшаны айырбастау пунктінде айырбастауға көндірген.

"Жанботаның әпкесі сатып алу-сатуды растайтын қажетті құжаттарды жинап, сол айырбастау пунктін тапты. Грузия прокуратурасы Қазақстан банктеріне Жанботада есепшоттың болуы және оның үйді сатудан түскен ақшаны шотқа салу мүмкіндігі туралы сұрау салды", — деді Дина Таңсәрі.

Қылмыскер Жанбота Төлегеннің Грузияда ем алуына көмектесетінін айтып алдап соққан. Журналист 3 топтағы мүгедек әрі сол кезде онкологиялық аурумен ауырып жүрген. Алайда Хохобашвили ақшаны өз пайдасына жаратқан.

Габриэль Хохобашвили журналисті өлтіргенін мойындады. Қылмыскер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір