• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 11:36:10
Алматы
+12°

АҚШ президенті Джо Байден альянс Украинаны НАТО-ға қабылдау мәселесін тек соғыс аяқталған соң ғана қарастыруы мүмкін екенін хабарлады. АҚШ президенті мұны CNN телеарнасына берген сұхбатында айтқан.

"Соғыс жүріп жатқан кезде Украинаны НАТО-ға қабылдау туралы ортақ ой-пікір болады деп ойламаймын" - деді Байден.

Оның сөзінше, АҚШ пен НАТО Киевке қару-жарақ беруді жалғастыра береді.

Байденнің айтуынша, Украина НАТО-ға қазір қабылданса, НАТО Ресейге ашықтан-ашық қарсы тұратын болады.

"Біз НАТО жерінің әрбір дюймін қорғауға әзірміз. Ешнәрсеге қарамастан бұл міндетті мойнымызға алғанбыз. Менің ойымша, Украинаның НАТО мүше болуына апаратын тиімді жол салуымыз" - деді Байден.

 

 

Дереккөз: Азаттық радиосы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір