• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қараша, 16:26:48
Алматы
+12°

LRT бетон бағанасына соқтығысқан көлік жүргізушісі сау болған. Бұл туралы Астана Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Чупеков айтты, - "Хабар" телеарнасы.

"Тексерудің алғашқы қорытындысы жүргізушінің сау болғанын көрсетті. Бейнебақылау камераларынан көпірге көтерілу кезінде Jusan Bank ғимаратына қарама-қарсы "Сергекте" жылдамдықтың сағатына 66 шақырым, яғни шамалы артық болғанын көріп отырмыз. Соқтығыс уақыты, жылдамдық зерттеліп жатыр. Бір жүргізуші қаза болды. Сараптамаларға сәйкес, ол сау болған. Жол апаты не себепті болғаны белгісіз", - деді Чупеков "Жеті күн" бағдарламасында.

Еске салайық, жол апаты 29 маусымда таңертең болған. Оқиға салдарынан 43 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір