• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:00:26
Алматы
+12°

Тәуелсіз бақылаушылар ұйымының төрағасы Бесжан Төлеубекұлына тағылған айып белгілі болды. Алматы қаласының Полиция департаменті Наурызбай аудандық ПБ майоры Жүнісбеков белсенді Бесжан Төлеубекұлын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488 бабы 7 бөлімі бойынша "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзды, заңсыз митинг ұйымдастырды" деп айыптап, хаттама толтырған.

Белсендіні 11 шілде күні Әуежайды басып алу ісі қаралған Наурызбай аудандық соты ғимараты алдында "санкцияланбаған наразылық акциясына қатысып, "ХАЛЫҚ ТЕРРОРИСТ ЕМЕС!" деген плакат ұстаған топ алдында микрофонмен сөйлеп, Алматы тұрғындарын бейне үндеу арқылы заңсыз митингке шақырды. Прокуратура мен әкімдік өкілдерінің ескертуіне құлақ аспай өз әрекетін жалғастырды. Жиынға қатысып, белсенді болды" – деген айып тағылған. Бұл туралы әлеуметтік желіде Күлтегін Аспанұлы жазды. 

Қазір Бесжан Төлеубекұлы Наурызбай аудандық полиция бөлімшесінде отыр. Белсендінің жанында адвокаты Жалғас Сапарханова бар. Олар соттың офлайн өтуін талап етіп жатыр.

Еске сала кетейік, белсендіні кеше Жамбыл облыстық сотындағы Қаңтаршылардың апелляция процесінен Алматыға орала салысымен үйіне кіреберісте полицейлер ұстап әкеткен. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір