17 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ресей аннекциялаған Қырым түбегіндегі көпірде жарылыс болды.
Бұл туралы аннекцияланған аймақтың Ресей тағайындаған басшысы Сергей Аксенов хабарлады. Ол көпірге теңіз күштерінің дрондары жарылғыш заттармен шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Қазір көпірде теміржол және автомобиль көлігінің қозғалысы тоқтатылып, төтенше жағдай жарияланған.
БАҚ-тағы мәліметке сүйенсек, түнгі соққыдан Қырым көпірінің бір бағаны құлап, 2 адам қаза тапқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір