• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 19:20:16
Алматы
+12°

Қарағандыда ауыр қылмысы үшін сотталған 35 жастағы ер адам қашып кетті. Кейін оның ұсталғаны белгілі болды, - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

"Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері 18 шілдеге қараған түні медициналық мекемеден қашып кеткен сотталған азаматтың мекенжайын анықтау және ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ол 35 жастағы Батыс-Қазақстан облысының тумасы ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған", - делінген хабарламада.

Азаматтың қашып кету дерегі бойынша Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамына бағыттама берілгені айтылды.

"Белгілері: толық денелі, бойы 165 см, шашы қара. Үстінде ақ футболка, қара аяқ киім, қара шалбар және басында қара кепка болған", - делінген хабарламада.

Кейінірек, 18 шілдеде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қашып кеткен ер адамды жедел қызметкерлер ұстағаны хабарланды.

Дерек бойынша Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті ҚР ҚК-ның 426-бабы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.

"Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауруханадан қашқан сотталған ер адам қаладағы гараждардың бірінің маңынан ұсталды. Ол полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабараламада.

Соталды тергеп-тексеру деректері жария етілмейді деп хабарланды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір