19 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қырымда оқ-дәрі қоймасы өртеніп, екі мыңнан астам адам эвакуцияланды. Бұл туралы Азаттық падиосы хабарлады.
Ресей аннексиялап алған Қырымның шығысындағы полигонда болған өртке байланысты "Таврида" автотрассасы жабылған. Бұл жөнінде Қырымның Ресей тағайындаған басшысы Сергей Аксёнов хабарлады. Өрттің неден шықққаны айтылмаған.
Аксёновтың жазуынша, полигон маңындағы 4 елдімекеннің екі мыңнан астам тұрғыны эвакуациялануы мүмкін. Ресей билігі көлік қозғалысының бағыттарын өзгерткен.
Әзірге расталмаған ақпаратқа қарағанда, Ескі Қырым қаласы маңындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыс болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір