• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:40:18
Алматы
+12°

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили британдық Times газетіне хат жазды. Ол өз хатында Путин 20 жыл бұрын Украинаны басып алуды жоспарлағанын жазған. 

Путин өзінің Украинаға қатысты жоспарын Саакашвилиге 2004 жылы Кремльдегі кездесу кезінде айтқан. 

"Ол қазіргі әрекеттерінің бәрін алғашқы кездесуімізде-ақ азды-көпті айтып берген еді", дейді Михаил Саакашвили. 

Алайда басылымда экс-президент бірнеше рет ескертуіне қарамастан батыс елдері Путиннің агрессивті амбициясына елемегені жазылған. 

Оның хаты ауруханадан құпия түрде шығарылған. 

Экс-президентте қазір грузин емес, украин азаматтығы бар. Михаил Саакашвили былтыр мамыр айынан бері Тблисидегі "Вивамеди" клиникасында жатыр. Ол 2021 жылы Грузияға оралған кезде ұсталған болатын. 

Грузияда Саакашвилиге бірнеше қылмыстық іс бойынша айып тағылды. Олардың екеуі бойынша Грузияға оралғанға дейін сырттай 6 жылға сотталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір