20 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қарағанды облысындағы 3 ауылдық округте төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Шет ауданына қарасты Талды, Ақшоқы, Ақсу-Аюлы ауылдық округтерінде 14 шілдеден бастап өрт басталған.
"Дала және орман өрттерінің орын алуына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Оны жою бойынша басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Кәрсембаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаровтың шешімінде.
Төтенше жағдай жариялауға бағытталған құжат ертең, яғни 21 шілдеден бастап күшіне енеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір