21 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ресей президенті Владимир Путин Вагнер басшысы Евгений Пригожинді жасаған бүлігінен кейін өлтіруге тырысуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының директоры Уильям Бернс мәлімдеді.
Ол Пригожиннің бүлігі Путин салған жүйенің кемшіліктерін ашты деп мәлімдеді. Пригожин Путиннің ресейліктер алдындағы мәртебесін түсірген.
Бернстің айтуынша, Путин бұл жағдайға аса бас ауыртпайтындай кейіп танытуы мүмкін, бірақ диктатор Пригожиннен кек алмай қоймайды.
"Путин өш алудан алдына жан салмайды. Егер мен Пригожиннің орнында болсам, тамақ жемес бұрын у қосылмағанын тексертер едім", - деді Бернс.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір