• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:28:09
Алматы
+8°
 
Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы мен аумақтық департаменттің екі бастығы қамауға алынды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
 
"21 шілдеде Астана қаласының ауданаралық тергеу соты ҚР төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасын, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментіннің бастықтарын "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген ведомство хабарламасында.
 
Олардың басқа да жемқорлыққа қатысының бар-жоғы анықталуда, тергеу жалғасып жатыр.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір