26 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Sincere System Group компаниясының өкілдеріне қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікпен ұсталып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қазіргі таңда компания қызметін тоқтатылған.
"S-Group компаниясының өкілдері салымшыларға айына 6%-дан 8%-ға дейін немесе жылына 70%-дан астам жоғары кіріске уәде берген. Депозиттің ең төменгі сомасы $100 құрайды. Сондай-ақ, тағы да салымшы тартқан жағдайда соманың 5 пайызы көлемінде кепілдендірілген кіріс қарастырылған", – делінген хабарламада.
Бұл ретте клиенттерге ақшаны қабылдау фактісін растайтын құжаттар мен келісімдер ұсынылмаған, салым сомасы жеке кабинетте цифрлық түрде көрсетіліп, салынған қаражатты алу мүмкіндігі болмаған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір