Фото: Ашық дереккөз
Петропавл қаласында оқушыларға жасырын діни сабақ өткізген мұғалімге айыппұл салынды.
Полиция мәліметінше, 28 жастағы ер адам бейнекамералар жоқ жерде оқушыларға діни жиындар өткізгендігі анықталды. Оқытушыдан діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәрістер жазылған дәптер тәркіленді.
"ҚР ӘҚБтК 490-бабының 3-бөлігі «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша 50 АЕК (172 500 тг) мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін материал жиналды", – деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, бұдан бұрын Түркістанда 70-ке жуық балаға заңсыз діни сабақ өткізілгені хабарланған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір