• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 11:03:08
Алматы
+12°

Қамаудағы журналист Думан Мұхамедкәрімнің адвокаты Ғалым Нұрпейісов бір күн бұрын Рысбек Сәрсенбайұлы бастаған 40 шақты белсенді журналист Думан Мұхаммедкәрімді Алматыға ауыстыру туралы прокуратураға өтініш бергенін хабарлады.

Кейін прокурордың орынбасары өтінішті қанағаттандырған. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. 

"Жазбаша хатты әзірге алмадым. Бірақ жуық арада аламыз деп ойлаймын" - деді Ғалым Нұрпейісов. 

Ол бүгін осыны Думан Мұхаммедкәрімге айту үшін Талдықорғанға барған. Алайда аштық жариялағанына 22 күн болған журналист денсаулығына байланысты адвокатына шыға алмаған. Ол жазбаша жауапты қолға алмайынша және өзін Алматыға жібермейінше аштықты тоқтатпайтынын айтқан.

Талдықорғандағы тергеу изоляторында жатқан қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрім өзін Алматыға ауыстыруда талап етіп, 5 шілдеде аштық жариялаған. Адвокаттың айтуынша, журналистің жағдайы өте нашар. Мекеме кезекшісі дәрігерлер оның жағдайын сәт сайын бақылап отырғанын айтқан. Бұған дейін журналист дәрігерлер емінен бас тартқан. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: думан мұхамедкәрім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір