• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 04:13:06
Алматы
+12°

30 шілде күні Түркияда қазақстандықтар мінген автобус жол апатына түскен. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты мәлімдеме берді.

Ресми мәлімет бойынша, 30 шілде күні таңертең Аланияда Қазақстанның 12 азаматын тасымалдаған шағын автобус жүк көлігіне соғылған.

Түрік полициясынан алынған мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі қатты жылдамдықпен жүрген. Апат салдарынан зардап шеккендер бар, олар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

"Жағдайды білу үшін қазақстандық консул дереу Аланияға барып, медициналық мекемелерде зардап шеккен қазақстандықтармен кездесті", - делінген СІМ тақартқан ақпаратта.

2 адамға ота жасалып, қалған 12 қазақстандықтың жағдайы орташа. Сондай-ақ, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіледі. 10 адамның, оның ішінде 4 баланың жағдайы қалыпты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір