03 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Астана қаласында қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған Sincere Systems ЖШС басшылығына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
Sincere Systems компаниясы 2020 жылдан бері жұмыс істеген. Криптовалюта биржасымен айналысатын компанияның атын жамылып, азаматтардан қаражат жинаған.
Салымшылардың санын көбейту үшін азаматтардытойдан шығарылған жобаларға инвестиция салуға шақырған.
"Клиентті инвестицияның қауіпсіз екендігіне сендіру үшін ID беру арқылы жеке кабинетін жасаған" – делінген ресми ақпаратта.
Пирамидаға салынған қаражат көлемі 215 млн теңгені құраған.
Сот үкімімен Sincere Systems ЖШС басшысы 5 жылға инвестициялық қызметпен айналысуға тыйым салынып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір