• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 06:25:36
Алматы
+12°

Фото: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жетісу облысы, Ескелді ауданында сел болып, 120 ауланы жаңбыр суы басқан. Соның салдарынан екі елді мекендегі 21 тұрғын үй су астында қалды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көбінің үйі, көлігі мен үй жануарлары су астында қалып қойған.

Тұрғындардың басым бөлігі несиеге баспана мен құрал-жабдық алғандықтан, жергілікті биліктен барлық қажетті көмекті беруді сұрап отыр.

"Бір апта ішінде тәуелсіз сарапшылардың көмегімен барлық шығынды есептейтін комиссия құрылды. Бірінші кезекте үйлері су астында қалғандарға көмектесеміз", - деді облыс әкімі тұрғындармен кездесуінде.

Ал Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысында бірде-бір үйді су баспағанын айтып, әкімдікке басқа мәлімет таратты. Өңір әкімі Бейбіт Исабаевқа дайындалған анықтамалық ақпаратта дерек басқаша келтірілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір