18 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қарасты "Қазақстан" шахтасында тағы бір кеншінің мәйіті табылды.
Шахтада болған 227 адамның 222-сі жер бетіне шығарылған болатын. Кеше бір адамның мәйіті табылғаны хабарланған еді.
18 маусымда «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды облыстық филиалы директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский түні бойы төрт бөлімше күшімен кеншілерді іздеу жұмыстары жүргізілгенін айтты.
"Өрт сөндіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Іс-шара кезінде тау-кен құтқару бөлімшелері екінші зардап шегушіні анықтады. Өкінішке қарай ол қайтыс болған. Қазір оның мәйітін жер бетіне эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр" - деді Геннадий Силинский.
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 17 тамызда Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға 9 шахтер жеткізілді. Олардың екеуі жансақтау бөлімінен токсикология бөліміне ауыстырылды. Жағдайлары ауыр. Қалған 7 адам токсикология бөлімінде жатыр. Жағдайы бірқалыпты.
18 тамыздағы жағдай бойынша аймақтың медициналық мекемелерінде зардап шеккен 13 кенші бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір