• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 11:50:02
Алматы
+7°

Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тапсырысы бойынша «Отпан таудан-Ұлытауға» республикалық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында суретшілер мен видеографтардан құралған маңғыстаулық бір топ шығармашылық иелері - «Отпан таудан-Ұлытауға» атты 20 күндік экспедиция ұйымдастырды. Сапар барысында қатысушылар жол талғамайтын көліктермен еліміздің жеті өңірінде болып, ондағы мәдени нысандарының жай-күйімен танысты. Экпедицияның негізгі мақсаты-ішкі туризмді насихаттау және Қазақстанның тарихи-мәдени, көрікті жерлерімен танысу, деп хабарлайды Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығы.

Маңғыстаулық суретшілер «Отпан тау – Сарайшық – Бөкей орда – Қорқыт ата – Қожа Ахмет Яссауи - Жәдігерлер кешені» маршруты бойынша саяхаттады. Өз ісінің шеберлері объективтеріне аралаған өңірлерінің тарихи-мәдени сәулет ескерткіштерін, мұражайларымен мен әсем табиғатын сыйғызды.

лж

Экспедиция құрамына Ақтау Суретшілер одағының мүшесі Тынышбек Балтабаев, суретшілер Аймұрат Таңатов, Дәурен Аралбаев, Асхат Нұрмұханов, Азамат Күреғұлов, Жәнібек Сүйінбеков, Өнер колледжінің студенттері Айтолқын Сандешова, Сымбат Берікқызы, Аружан Қуат, сондай-ақ видеограф Нұркен Тәжібай кірді. Экспедицияға қатысушы Аймұрат Таңатов сапар барысында жасалған туындылар адамдардың табиғат пен ұлттық бірегейлікті сақтауға деген қызығушылығын арттыруға жол ашатынын атап өтті.

"Экспедиция барысында біз қазақ тарихындағы ең жұмбақ қала-Сарайшыққа бардық. Сондай-ақ, еліміз үшін маңызды қайраткерлер Махамбет Өтемісұлымен Исатай Тайманұлының қабірлерін араладық. 175 жыл бұрын Тарас Шевченко экспедициямен барған Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауылын көру бақытына ие болдық. Ақсу-Жабағылы қорығын, Қожа Ахмет Яссауи және Жошы хан кесенелерін араладық. Біз саяхат барысында тұрақтаған әрбір жерімізде этюд жаздық. Суретші ретінде бұл сапар мен үшін тарихқа бір сәтке болсын үңілуге тамаша мүмкіндік болды", - деді Аймұрат Таңатов.

ошщ

Экспедиция аясында Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарының кәсіби суретшілерінің шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Олар Атырау облысының «Хан ордасы Сарайшық» тарихи-мемориалдық кешенінде, Батыс Қазақстан облысының «Бөкей Орда» тарихи-музей кешенінде, Қызылорда облысының «Қорқыт ата» кесенесінде, Түркістан облысының «Әзірет Сұлтан» тарихи-мемориалдық кешенінде, Ұлытау облысының «Жошы хан» тарихи-мемориалдық кешенінде, сондай-ақ «Жәдігерлер кешенінде» өтті.

лщз

Маңғыстауда танымал видеооператор Нұркен Тәжібай өзінің тәжірибелі саяхатшы екенін айта келе, «Отпан таудан - Ұлытауға» экспедициясы басқа саяхаттармен салыстырғанда санасында ерекше әсер қалдырғанына тоқталып өтті.

"Суретшілермен саяхаттау-бұл достарыңмен немесе туристермен сапарлардан ерекшеленетін таңғажайып тәжірибе. Суретшілерге кенепте көргендерін жеткізу үшін уақыт пен шабыт қажет. Сурет салу процесі өте қызықты және қарап тұрған адамды елітіп әкетеді. Маған Ұлытау облысына, әсіресе Жезқазғанға сапар өте ұнады. Жерлестеріміз біздің мәдениетіміз және мұраларымызбен біз ойлағаннан әлдеқайда жете танысуға ұмтылады деп үміттенемін", - деді Нұркен Тәжібай.

Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әбілқайыр Байпақов мұндай іс-шараларды өткізу тәжірибе мен білім алмасуға, өзара бірігіп жобалар жасауға, қазақ мәдениетін тануға және туризмнің дамуына үлес қосуға бірегей мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кетейік, пленэр-экпедицияның нәтижесі ретінде күзде Астана қаласында Маңғыстау суретшілерінің туындыларының көрмесін ұйымдастыру жоспарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір