22 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Атырауда "QazHome" қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған азаматтар QazHome тұтыну кооперативін құрып, оған кірген жеке және заңды тұлғалардың ақшасынан пайда тапқан.
Осы факті бойынша ҚМА Атырау облысы бойынша департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Тергеу барысында кооператив қызметіне 296 салымшы тартылғаны анықталды. Олардың 35-і ғана шағымданып, арыз түсірген.
“Арыздар бойынша залал сомасы 49 млн теңгеден асады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді”, – делінген ресми хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір